Әлем • 26 Маусым, 2019
Мамыражай маусым туа өзен-тоған, көл-көлшік, қамыс-қопа іші үйрек-қазға толып, жоғары-төмен сымпылдап ұшқан құстардың жәрмеңкесіне айналатын әсем көрінісі бар ғой! Париж түбіндегі Ле Бурже әуе салонында өткен 53-халықаралық әуе шоуының ортасынан бір-ақ шыққан біздің сап түзеген сансыз ұшақты көргенде көз алдымызға келіп тұра қалған көрініс те осы іспетті еді. Құстардың да өз ішінде аққу сияқты бейбіт әм іліп түсетін ителгі, қаршыға тәрізді жыртқыш түрлерінің болатыны сықылды, екі жылда бір мәрте ұйымдастырылатын Ле Бурже әуе салонындағы ParisAirShow көрмесінде де жолаушылар мен жүк тасымалдайтын азаматтық және өндірістік авиациядан бастап, әскери мақсатқа арналған әуе кемелеріне дейін самсап тұр екен. Кермеге байланған аттай қатар-қатар қойылған ұшақтардың әскери түрлерін сырттай тамашаласақ, алып самұрықтай азаматтық және өндірістік авиацияның соны үлгілерін салонына, тіпті, ұшқыштар кабинасына дейін емін-еркін көруге мүмкіндік туды. Франция астанасы жанындағы Ле Бурже әуе салонына әлемнің 300-ден астам әуе компаниясы қатысып, өнімдерімен де, қызметімен де жаһандық бәсекеде өз орны бар екенін көрсетті.
Аймақтар • 26 Маусым, 2019
«Қайғы – бөліссе азаяды». Бұл күнде Түркістан облысының Арыс қаласында орналасқан әскери оқ-дәрі қоймасындағы алапат жарылыстан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету мақсатында «Арыс, біз біргеміз!» атты көмек көрсету іс-шарасына еліміздің барлық өңірлері мен кәсіпорындары, мекемелері, қоғамдық ұйымдары және басқа да жекелеген тұлғалары қатысып, қолдарынан келгенше арыстықтарға қолдау көрсетуде. Бұл қазақстандықтардың кез келген қиындықта жұдырықтай жұмылып, топтаса түсетінін аңғартты. Елдігімізді танытқан ерекше ізгілікті іс-шаралардың өңірлердегі барысы жөнінде тілшілеріміз баяндайды.
Аймақтар • 26 Маусым, 2019
Әскери қоймада болған жарылыстарға байланысты шұғыл түрде көшірілген арыстықтарға жол-жөнекей көмек қолын созушылар көп болды. Жалпы, Арыстағы жағдай қазақылықтың қаймағы бұзылмаған дейтін Оңтүстіктегі ағайынның ынтымағын, қиын кезде қолұшын соза білетін жанашыр екендігін тағы бір байқатты. Жаздың ыстық күнінде бас сауғалап кеткен тұрғындардың алдарынан көрші аудан, ауылдың тұрғындары су, тамақ алып шығып, күтіп алса, бірі көлігіне мінгізіп алып кетіп жатты. Бейтаныс жандарды үйіне алып барып, қондырып жатқандар қаншама. Мұны сол зардап шеккен тұрғындардың өздері айтып отыр.
Сұхбат • 25 Маусым, 2019
Бізді тарихтың сүрлеуі біріктіре түседі
(Моңғолияның тұңғыш президенті, академик Пунсалмаа ОЧИРБАТПЕН әңгіме)
Аймақтар • 25 Маусым, 2019
Қолқаны қапқан иістен құтыла ма?
Өткен аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жаңадан құрылған Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысына Ақтөбеде қалыптасқан экологиялық ахуалдың шешімін табу жөнінде тапсырма берді.