Сайлау • 24 Мамыр, 2019
Сайлаудың сындарлы сәті жақындаған сайын өз таңдауымды жасаймын дейтін жандар сенімі нығая түсті. Өйткені бұл көңіл күй президенттікке тіркелген кандидаттардың сайлау барысындағы ашық іс-қимылдарымен тікелей байланысты. Оның үстіне ел-жұрт бұл сайлау науқанының ел Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңдарымызға сай өтіп жатқандығын нақты көріп, біліп отыр.
Кино • 24 Мамыр, 2019
Дубляж өнерінің болашағы жарқын
Қазақ дубляж өнері әлем бойынша кенже дамып келе жатқаны құпия емес. Егер Дисней студиясының классикалық мультфильмдерінің Ресейдегі дубляжы осыдан 25-30 жыл бұрын қолға алынса, бізге АҚШ студиясының сапалы әрі толыққанды қазақ тілді дубляжы енді-енді ғана еніп жатыр.
Сұхбат • 24 Мамыр, 2019
Сәбит Құрманбеков: «Композитор» – достық туралы фильм
Өткен жұмада елорда төрінде қазақ-қытай бірлесіп түсірген «Композитор» атты алғашқы толықметражды көркем фильмнің тұсаукесері өтті. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен қытайлық «Shineworks Pictures» компаниясының ортақ жұмысы саналатын туынды қытайлық әйгілі композитор Сянь Синхайдың Кеңес Одағында, оның ішінде Алматыға эвакуацияланған кезі мен қазақтың аймаңдай ұлы, композитор Бақытжан Байқадамовпен достығынан сыр шертеді. Фильмнің тең режиссері, белгілі қазақстандық кинорежиссер, суретші Сәбит Құрманбековпен фильм турасында аз-кем әңгіме өрбіткен едік.
Сұхбат • 24 Мамыр, 2019
Біләл Ысқақов: «Күйдің аңызы болмаса, күй тумайды»
Қазақтың ең көне музыка жанры – күйдің киесі, қасиеті қонған, талай ғасырдан бері бізбен бірге жасасып келе жатқан домбыраның үнін асқақтатып жүрген жанды жақында жолықтырып қалдық. Ол – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Біләл Ысқақов. Бүгінде Алматы шаһарын тұрақ еткен дәулескер домбырашы, саусағынан күй төгілген күйшіні елордадағы күй-концерттен соң сұхбатқа тарттық.
Экология • 24 Мамыр, 2019
Экологиялық ахуал жайлы құнды еңбек
Жақында қолымызға Ұлттық ғылым академиясының академигі, география ғылымдарының докторы, профессор Әлия Бейсенованың «Қазақ елінің экологиялық ахуалы» деп аталатын монографиясы түскен-ді.