Аймақтар • 23 Мамыр, 2019
Атырауда бұрын-соңды болмаған нысандар салынуда
Өткен жылы Атырау облысында тұрғын үй құрылысын салу көрсеткіші рекордтық деңгейге жетті. Алып құрылыс алаңына айналған аймақта пайдалануға берілген әлеуметтік нысандардың да қатары көп. Қос құрлықты жалғаған Жайық жағасы әдемі келбетке ие болды, заңғар көкпен таласқан зәулім ғимараттар, жаңа саябақтар мен алаңдар мұнайлы шаһардың шырайын келтірді. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын табуда. Облыс орталығында салынып жатқан жаңа нысандарды аралау барысында оң өзгерістерді көріп, көзіміз де, көңіліміз де қуанды.
Сайлау • 23 Мамыр, 2019
Үгіт-насихат жұмыстары жан-жақты жүргізілуде
Бүгінде шешуші кезең таяған сайын үгіт-насихат жұмыстары да қызу жүргізіліп жатыр. Әрине, кандидаттарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін қаражат қажет екендігі белгілі. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясының «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауында республикалық бюджет қаражатынан өтелетін Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы» қаулы қабылданған еді.
Сайлау • 23 Мамыр, 2019
Қоғамдық штабтардың іс-қимылы ширақ
Президенттіктен үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары заңға сәйкес жүріп жатыр. Аймақтардағы сайлауалды қоғамдық штабтар жергілікті тұрғындарға өздерінің кандидаттары ұстанған басты бағыттарды жан-жақты түсіндіруде.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2019
Ұлттық банктің кейбір функциялары жаңа органға беріледі
Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің басшылығымен кеше палатаның кезекті жалпы отырысы болып, онда екі заң жобасы бірінші оқылымда қаралып, мақұлданды.
Спорт • 23 Мамыр, 2019
Грузиндердің даңқы дүркіреп тұр
Дзюдошылардың дүниежүзілік рейтингі үнемі жаңартылып тұрады. Жарыс өткен сайын әр балуан қол жеткізген нәтижелеріне қарай, өздеріне тиесілі ұпайды қоржынға салады. Табысты өнер көрсеткендері үздіктер тізімінде едәуір жоғарылайды. Сол арқылы Олимпия ойындарына қатысу құқығына ие болады. Ал осалдық танытқандары төменге қарай құлдилайды. Олар төртжылдықтың басты додасында бақ сынау мүмкіндігінен айырылады.