Шаруашылық • 22 Қаңтар, 2026
Облыс орталығынан қозыкөш жердегі Қонысбай ауылынан 200-ден аса жылқы жоғалыпты деген суыт хабар құлағымызға тиген соң барып қайттық. Шынында да жаманат хабар жай бола ма, мал сүмесімен күн көріп отырған малсақ қауым жүген ұстап қалыпты.
Пікір • 22 Қаңтар, 2026
Қазына қаржысы ұқыпты жұмсалуға тиіс
Халықтың әлеуметтік хал-ахуалын арттыру бағытындағы ұсыныстары қоғамның зор қолдауына ие болды. Соның бірі – банк саласының қызметін реттеу.
Тұлға • 22 Қаңтар, 2026
Қазақ дүниетанымында адам болмысының биігін айқындайтын, оның қадір-қасиетін асқақтататын үш асыл ұғым бар. Олар – тектілік, еңбекқорлық және қарапайымдылық. Осы қасиеттер бойынан табылған жан ғана уақыт сынынан өтіп, ел жадында сақталып, ұрпаққа өнеге бола алады. Өнегелі ғұмыр кешіп, саналы өмірін мемлекет пен қоғамға адал қызмет етуге арнаған сондай ардақты тұлғаның бірі – генерал-лейтенант Әділ Шаяхметов.
Пікір • 22 Қаңтар, 2026
Еліміз жаңа саяси әрі конституциялық кезеңге табан тіреп жатыр. Яғни қазір елімізде ұлт болашағын айқындайтын саяси маңызды іс-шаралар басталды. Мемлекет басшысы жүргізіп отырған конституциялық реформалар ауқымды әрі түбегейлі сипатқа ие. Бұл – Ата заңның ғана емес, сонымен бірге еліміздің саяси институттарының жаңа кезеңге қадам басып, елеулі трансформацияға бет алғанын көрсетеді.
Сұхбат • 22 Қаңтар, 2026
Тәттім Шәйкен, профессор: Қатерлі дерттің табиғатын анықтап, емдеуге мүмкіндік туды
Техас университетінің адъюнкт-профессоры Тәттім Шәйкен қатерлі ісік биологиясы саласында ұзақ жыл бойы зерттеу жүргізіп келеді. Кейінгі 10 жылда қатерлі аурудың себебін ген деңгейінде ғана емес, сонымен қатар физикалық-химиялық тұрғыдан зерттеп, таяуда жаңа тұжырымдамасын ұсынды. Ғалымның жаңалығы қатерлі ісікпен қатар басқа да аурулардың себептерін зерттеп, емдеу тәсілдерін әзірлеуге жол ашады. Қазір бұл жаңалыққа әлем ғалымдарының назары ауып отыр. Белгілі ғалыммен Алматыға келген сапарында жолығып, ғылыми зерттеулері жөнінде әңгімелестік.