Ата заң • 30 Қаңтар, 2026
Құрылтай мен Халық Кеңесінің құзыреті қандай?
Бір палаталы Парламент үлгісі пен мемлекеттік органдардың жаңартылған жүйесіне арналған ережелер жаңа Конституция жобасының бірнеше бөлімдеріне енгізілді. Бұл жөнінде Конституциялық комиссияның кезекті отырысындағы сөзінде Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 30 Қаңтар, 2026
Жаңа Ата Заңның жобасында қандай мызғымас қағидаттар бекітілді?
Жаңа Ата Заңның жобасында Қазақстанның мемлекеттік ұйымдастырылуын айқындайтын, егемендігі мен дербестігін нығайтатын іргелі ережелер қарастырылды. Бұл туралы Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссияның кезекті отырысында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 30 Қаңтар, 2026
Мәулен Әшімбаев: Президент реформаларының мақсаты – мемлекеттілік пен тәуелсіздікті нығайту
Бүгін Сенатта «Ұлттық мүдде» диалог алаңының «Саяси жаңғыру: Әділетті Қазақстанның конституциялық моделі» тақырыбына арналған отырысы өтті. Кездесуге қатысушылар мемлекеттілікті дамытудың жаңа кезеңіне өту кезінде конституциялық реформаның мәні мен мазмұнын, оның саяси жүйені жаңғыртудағы және мемлекеттік құрылымның жаңа моделін қалыптастырудағы рөлін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 30 Қаңтар, 2026
Сенат төрағасы: Конституциялық реформа – мемлекет құрылысын дамытудың жаңа кезеңі
Бүгін Сенатта конституциялық реформа, оның саяси жүйені жаңғыртудағы және мемлекеттік құрылымның жаңа моделін қалыптастырудағы рөлі талқыланды. Мәулен Әшімбаев «Ұлттық мүдде» диалог алаңының отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 30 Қаңтар, 2026
Цифрлы медицина: MedTech экожүйесін дамыту неге маңызды?
Astana Hub пен Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл әріптестік елімізде денсаулық сақтау саласына жаңа технологияларды батылырақ енгізуге мүмкіндік береді. Әсіресе медицинаға арналған цифрлы өнімдер мен жасанды интеллект шешімдерінің жолын ашпақ, деп жазады Egemen.kz.