Әдебиет • 30 Қаңтар, 2018
Ата сазанның хикаясы. Белгілі этнограф-ғалым Жәрдем Кейкиннің ашылмаған бір қыры хақында
«...Ата сазанның төзімі таусылды. Ноқат жоғарыдан жақындай бергенде құйрығымен суды осып-осып жіберіп, жемді жарыса аңдыған шортанның бетіне шашты да, ноқатты қауып үлгерді. Аузына түскен жемді тамсанып еді, қармақ ұшы шықшытына қадалды. Жанталаса тағы бір жұлқынғанда тегеурінді күш жоғары қарай сүйрей жөнелді. Аласұрып жіп бауын арқа қанатымен ысқылап, қимақ еді, үлгермеді. Суда қан-жоса із тастап, мұз үкісінен суырылды. Қайда барса да қыр соңынан қалмаған қара сирақтың сұлбасын көріп, шошына бұлқынды. Темір істік тынысын одан әрі тарылтып, тұншықты, аузы қанға толып, көзі бозқырауланды. Жандәрмен күйде жанындағы үкіге ұмтылмақ еді, сал денесі көтертпеді. Басын мұзға ұрды, құйрығымен мұзды сабалады. Ұрды, ұрды да сұлқ жатты. Денесі сіресіп, тоңази берді...».
Әдебиет • 30 Қаңтар, 2018
«Кенеден келген кесел» енді «Жетісудың өзіне «кесел» болып жабысқалы тұр. Онда сыналған ғалымсымақты «Правданың» Қазақстандағы тілшісі қанатының астына алып, ашық қорғаған. Қарсы тұрған екеуді даттаған, газетіміздегі мақаладан «шикілік» тапқан. Сойқан басталғалы тұр...
Бокс • 30 Қаңтар, 2018
Головкин-Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 5 мамырда өтеді
Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) екінші рет жекпе-жек өткізуге келісті.
Қаржы • 30 Қаңтар, 2018
Ұлттық Банк хабарлайды, түсініктеме береді, түсіндіреді
Қазақстан сақтандыру нарығының серпінді өсуіне қарамастан, оның Қазақстан экономикасындағы маңызы айтарлықтай жоғары емес. Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Жанат ҚҰРМАНОВ «Егемен Қазақстанға» берген сұхбатында сақтандыруды халық пен бизнестің мүддесін қорғайтын, нақты жұмыс істейтін тетікке айналдыру үшін қандай шаралар қабылдау жоспарланып отырғаны туралы айтып береді.
Әлем • 30 Қаңтар, 2018
Достықта жоқ шекара. Қазақ пен қырғыз достығы күн санап артып келеді
Алып Алатаудың арғы беті мен бергі бетін ен жайлаған қазақ пен қырғыз ежелден төскейде малы, төсекте басы қосылған халық. Айыр қалпақты ағайындармен біздің рухани туыстығымыз тағы бар. Ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың Ыстықкөл сапарын жазуы, Манас жырын хатқа түсіруі, Сүйінбай мен Қатағанның айтысы, Шыңғыс Айтматовтың әйгілі Мұхтар Әуезовке шәкірт болуы, бәрі де екі елдің рухани байланысын көрсетеді. Ал Жамбыл мен Тоқтағұл есімдерінің қатар аталуы да рухани беріктіктің дәлелі. Бұл тұрғыда қазақ пен қырғыз достығы күн санап артып келеді.