Спорт • 06 Қазан, 2023
Қайсар Алпысбай Азиаданың финалына шықты
Ханжчоудағы (Қытай) XIX Азия ойындарында Қазақстан каратэшісі финалға шықты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қазан, 2023
Ұлтты ұйыстырудың өзегі – мемлекеттік тіл
Мемлекеттік тілді екінші ана тілі санап, сөйлеуді мәртебе көретіндер қазақ тілді қоғамды қуантып қана қоймай, тіліміздің келешегі зор екенін айғақтай түседі. Бұл үрдістің кейінгі екі-үш жыл төңірегінде айқын басымдықпен өріс алып келе жатқаны да байқалып отыр. Керекудің төрінде өткен келелі жиын осыны айғақтай түсті.
Отбасы • 06 Қазан, 2023
Осы күні Қызылорда облысындағы 141 мыңнан асатын отбасының 48 мыңы – көпбалалылар үйелмен қатарында. Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған өңірде 17 мыңға жуық «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегері тұрады. Жақында шаңырақ тіктеген жастардың жұбайлық өмірге қатар басқан қадамдары жаңа Неке сарайынан бастау алды.
Білім • 06 Қазан, 2023
Бәсекеге қабілетті сапалы маманның негізі мектепте қаланады. Баланың бағытын айқындауға бағдар беретін де, оны өмірге дайындайтын да – мектеп. Алайда еліміздегі оқу ордаларындағы білім сапасы көңіл көншітпейді деген пікірлер де бар. Көп оқушының бейінді пәнін ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыратын кезде ғана таңдап жататыны – соның дәлелі. Ал мектеп қандай болуы керек? Отандық мектептерде нені оқытпайды? Нені оқытуға тиіс?
Медицина • 06 Қазан, 2023
Қымбат дәріні халықтың қалтасы көтере ме?
Жуырда Петропавл қаласында тұратын таныс зейнеткер хабарласып, өзінің көптен бері глаукомамен сырқаттанып жүргенін, ал емдеуші дәрігер жазып берген көз тамшысы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне енгізілмегендіктен, дәрі сатып алуға мардымсыз зейнетақысынан ай сайын 12 мың теңгедей қаржы жұмсауға мәжбүр екенін айтып шағынды.