Жұмыс • 02 Қазан, 2024
Жұмыссыздық: Сұраныс пен ұсыныс мөлшері
Ұлттық статистика бюросының кейінгі дерегіне сәйкес, ел жастарының 46 пайызында жоғары білім бар. Ал 48 пайызы техникалық кәсіптік білімді игерген. Бұған қоса, сарапшылар қазір 35-ке дейінгі азаматтардың көпшілігі көтерме және бөлшек сауда, автокөлік жөндеу саласында қызмет ететінін айтады. Сонда білім жүйесі экономиканың нақты қажеттіліктерін әлі де толыққанды өтей алмай отыр ма? Бұған не себеп?
Университет • 02 Қазан, 2024
Декандар көшбасшылық курсынан өтеді
Назарбаев университеті Жоғары білім беру мектебінің мамандары әзірлеген «Академиялық көшбасшылық институты: декандар мектебі» бағдарламасы аясында 80 университет деканына арналған көшбасшылық курсы басталды. Бұл курс желтоқсан айына дейін созылады. Оған қатысушылармен ұлттық, халықаралық жоғары білім сарапшылары жұмыс істейді.
Әдебиет • 02 Қазан, 2024
Қимас қазынаның жоқшысы (эссе)
Қазіргі заманғы қазақ әдебиетінің тарихында өзіндік орны бар талантты жазушы Жақсылық Түменбаевтың туғанына биыл сексен жыл толды. Жалпы, жазушының шығармашылық әлемі туралы сөз қозғағанда оның артына қалдырған әдеби мұрасының ішіндегі ең шоқтығы биік екі туындысын ерекше бөліп атағанымыз жөн болмақ. Олар – қаламгердің «Ауыл шетіндегі үй», «Ауыл мен Алматының арасында» деп аталатын повестері. Өйткені Жәкең тап осы екі баянында суреткерлік әлеуетін, кемеліне келтіріп, келістіре көрсете алған. Сондықтан да Түменбаевты Түменбаев етіп тұрған осы қос туынды жазушының ең қымбат рухани қазынасы десек шындықтан шет кетпейміз.
Қоғам • 02 Қазан, 2024
Академик Аманжол Қошановқа арналған конференция
Тәуелсіздігін алған еліміз жаңа экономикалық бағытқа, яғни нарықты игеру жолына түсуге бет алғанда ғалымдарымыз оны шұғыл зерттеп, өкіметке оңтайлы ұсыныстар жасауға тырысты. Соның ішінде академик Аманжол Қошанов (1934–2021) отандық экономикалық ғылымды қайта құруға, нарыққа өтудің ғылыми негіздерін қамтамасыз етуге ұмтылды. Оның ғылыми жетекшілігімен бір топ ғалым «Аралас экономикалық қоғам қалыптастыру – Қазақстанның нарықтық дамуының трансформациялық үлгісі» атты жаңа бағыт қалыптастырды.
Жәдігер • 02 Қазан, 2024
Баукеңнің Гданьск музейіндегі мүштігі
Польшаның Гданьск қаласының музейінде қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлына Сталин сыйлаған мүштік тұрғанын естіп, таңғалдық. Ал хабарды жеткізген ауылдасымыз Әбілқайыр Мұстафин «суретін жіберемін, астында поляк және ағылшын тілдерінде жазылған түсінік сөз бар» дегенде, нанбасымызға болмады.