Футбол • 04 Қазан, 2022
Ұлттар лигасы турниріне байланысты уақытша үзіліске шыққан футболдан Қазақстан чемпионаты қайта жалғасты. Еліміздің жеті қаласында өткен 21-тур матчтары жанкүйерлер күтпеген тосын нәтижелерге толы болды. Мәселен, ел чемпионатында топ бастап, қатарынан сегіз ойында жеңілмеген «Ақтөбе» бұл турда турнир кестесінде соңғы орындарда келе жатқан «Ақжайықтан» ұтылып қалды. «Астана» сырт алаңда әрең дегенде «Тұранмен» тең ойнап, басты қарсыласының ұпай жоғалтқанын тиімді пайдалана алмады.
Өнер • 04 Қазан, 2022
Оны жұрт кейде: «Құланның гимнін жазып кеткен композитор» деп жатады. Бірақ біздіңше «Келші, Құланға» әні – нағыз лирикалық ән. Оған ешкімнің дауы да жоқ шығар. Кезінде Мэлс Өзбековтің осы әні басқа бір азаматқа телініп те жүрді. Маңдайын Көкдөнентаудың самалына өптіріп өскен Мэлстің өзі өлсе де, өлеңі өлген жоқ. Өзбековтің өзін білмегендер әйгілі «Гауһартас» фильмінде шырқалған «Келші, айым» әнін біледі...
Қазақстан • 04 Қазан, 2022
«Ғалия» медресесiнiң семейлiк шәкiрттерi
Еліміздің бас газеті «Egemen Qazaqstan» басылымының өткен 27 қыркүйектегі 184-ші санында жарияланған журналист Бекен Қайратұлының «Ақаң және «Ғалия» шәкірттері» атты мақаласын оқып, оған ой қосып, тағы бір тараптан тарихи оқиғаны толықтыру мақсатында осы бір жазбаны жолдап отырмын.
Қазақстан • 04 Қазан, 2022
«Апыр-ау, кішкентай Абыралы, сен қандай ғажап, қасиетті жер едің!», деп әйгілі жазушы Әзілхан Нұршайықов айтқандай, Абыралы өңірінен қазақтың небір жақсы мен жайсаңдары шыққаны белгілі. Соның бірі – мемлекет қайраткері, биыл дүниеге келгеніне 100 жыл толып отырған Рымбек Смақұлы Байсейітов.
Аймақтар • 04 Қазан, 2022
«Құм қызы»: Бас басылым тілшісінің поэзия кеші өтті
Бүгін Маңғыстау облысында Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде поэзия кеші өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.