Университет • 28 Қазан, 2025
Магистратура мен докторантураға құжат қабылдау басталды
Бүгін, яғни 28 қазанда магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге өтініш беру және докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау басталады. Өтінішті Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында толтырады, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 28 Қазан, 2025
Республика күнінде еліміздің бірқатар өңірлерінде жаңа білім беру нысандары ашылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 28 Қазан, 2025
Бектенов Салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығын іске қосуды тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Энергетика, Жасанды интеллект және Қаржы министрліктеріне 2026 жылдың соңына дейін энергетика салаларында Салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығын іске қосуды тапсырды. Бұл бастама Мемлекет басшысының цифрландыру саласындағы тапсырмалары аясында жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 28 Қазан, 2025
Қазақстанда 2029 жылға қарай электр тапшылығы жойылады
Еліміз алдағы төрт жылда энергетика саласын айтарлықтай күшейтіп, 2029 жылға қарай электр энергиясы бойынша толық қамтамасыз етілген әрі экспортқа әлеуеті бар мемлекетке айналуды көздеп отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 28 Қазан, 2025
Алматы бюджетінің кірісі биыл 1,6 трлн теңгеге жетті
2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Алматының жергілікті бюджетінің кірісі 1,6 трлн теңгеге жетті. Қала әкімдігі бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға артық екенін мәлімдеді. Болжам бойынша, жыл соңына дейін қала бюджетіне түсімдердің жалпы көлемі 2,3 трлн теңгеден асуы мүмкін, бұл мегаполис тарихындағы рекордтық көрсеткіш болуы ықтимал, деп жазады Egemen.kz.