Фото: istockphoto.com
Энергетика министрлігінің дерегінше, 2029 жылға дейін елдің энергетикалық жүйесін нығайту мақсатында жалпы қуаты 6,7 ГВт болатын 68 жоба іске асырылмақ. Министр Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, өткен жылы 770 МВт-тан астам жаңа энергия қуаты қосылған. Оның 608 МВт-ы дәстүрлі көздерден, ал 163 МВт-ы жаңартылатын энергия көздерінен (ЖЭК) алынған.
2025 жылға белгіленген 621 МВт-тың 166-сы дәстүрлі энергия көзі, ал 9 нысан – ЖЭК. 2027 жылы шамамен 1 500 1 500 МВт көлемінде жаңа қуат іске қосылады, оның 573 МВт-тық 13 ЖЭК объектісі іске қосу қарастырылып отыр. Ал 2028 жылы 2 мың МВт-тан астам қуаттылықты, оның ішінде 245 МВт 3 жаңартылатын энергетика нысанын пайдалануға беру көзделген.
«Осылайша, 2029 жылы экономиканың электр энергиясына деген қажеттілігін толық қамтимыз деп күтіп отырмыз, энергетика жүйесін профицитке шығару жоспарлануда, бұл еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға да мүмкіндік береді», деді министр Ерлан Ақкенженов.