Фото: istockphoto.com
Алдын ала мәлімет бойынша, аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен биыл 9-сыныпты аяқтаған кәмелетке толмаған қыз ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Жасөспірім мен марқұмның арасында не болғаны әзірге белгісіз. Оқиғаның барлық мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.
Түркістан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша адам өлтіру дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында көпқабатты үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылған болатын.