Саясат • 25 Қазан, 2019
Әріптестіктің басым бағыттарын талқылады
Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынастар Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әрқашан ерекше назарында болып келеді.
Бизнес • 25 Қазан, 2019
Съезде кәсіпкерлер проблемасы қозғалды
Кеше Нұр-Сұлтан қаласында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының VI съезі өтті. Оған Премьер-Министр Асқар Мамин, ҰКП төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев, мемлекеттік органдар және еліміздің 17 өңірінен бизнес-қоғамдастықтар атынан делегаттар қатысты. Съезд барысында палатаның атқарылған жұмысы туралы есебі, «Атамекен» ҰКП дамуының жаңа мақсатты моделі және бизнестің түйткілді мәселелері қаралды. Съезд жұмысын ҰКП төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев жүргізді.
Аймақтар • 25 Қазан, 2019
Жайсаң-Шағаршын бекетінде шешілмеген түйіндер көп
Ақтөбе мен Оралдың арасына «Тальго» жүрдек пойызы арқылы қатынап тұратынымыз бар. Халық ауыз әдебиетінде естігенімді айтайын ба, жоқ әлде көргенімді айтайын ба деген тіркес бар ғой. Сол айтылғандай Қазақстан мен Ресей мемлекеттік шекараларын жалғайтын Жайсаң-Шағаршын өткізу бекетінің тұсында пойыз терезесінен автокөліктердің тұтастай 1-2 шақырымға созылатын ұзын-сонар кезегін көріп жүрміз. Кейінірек осы мәселеге журналистік зерттеу жүргізу барысында бұл автокөліктер негізінен шекаралас Ақтөбе мен Орынбор облыстарының кәсіпкерлеріне тиесілі екенін білдік.
Экология • 25 Қазан, 2019
Экологиялық кодекс: Реформа қоршаған ортаны қорғай ма?
Бұл құжат бұрынғы құжаттардан өзгерек. Осындай мазмұндағы пікірді Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі білдіріп отыр. Әңгіме жаңа Экологиялық кодекс жайлы. Қазір қоршаған ортаға қатысты өзекті проблемалар аз емес. Ауаны ластайтын кәсіпорындар, тұрмыстық қалдықты қайта өңдеу, қоқысты бөліп жинау мәдениетінің аздығы, бейберекет қоқыс алаңдары сынды алаңдатарлық мәселелер жеткілікті. Міне осындай түйткілдерді жаңа кодекс реттеуге септеседі деп сендіріп отыр салалық ведомство.
Саясат • 25 Қазан, 2019
Жапония – еліміздің маңызды серіктесі
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияның 126-шы императоры Нарухитоның таққа отыру рәсіміне қатысуға арналған сапарында Токио қаласында бірқатар маңызды кездесулер өткізгені белгілі. Осы орайда бүгін біз Елбасының Жапонияға арнаған бұл сапарының екіжақты ынтымақтастыққа тигізер оң әсері жөнінде отандық сарапшылардың пікірін ұсынып отырмыз.