Қазақстан • 02 Қараша, 2017
Түркі Кеңесі Қазақстанның латын әліпбиіне көшу шешімін қуанышпен қабыл алды
Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі Қазақстанның латын әліпбиіне көшу шешімін ыстық ықыласпен және қуанышпен қабылдады. Бұл туралы Түркі Кеңесінің бас хатшысы Рамиль Хасанов құттықтау хатында мәлім етті.
Қазақстанда оқушыларға арналған «Көшбасшы жолы» туры басталды
30 қазанда Астана және Алматы қалаларында Елбасының қызметімен тығыз байланысты жерлерде өтетін «Көшбасшы жолы» турлары сериясының алғашқы экскурсиясы басталды. Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының қолдауымен ұйымдастырылуда.
Әдебиет • 02 Қараша, 2017
Түрік журналының жаңа саны Шерағаңа арналды
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасы және Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығы аясында Түркияда ай сайын шығатын «Кардеш Калемлер» (Бауырлас қаламдар) атты әдеби журналдың жаңа саны Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның шығармашылығына арналды.
Қазақстан • 02 Қараша, 2017
Құрамында гинеколог, кардиолог, терапевт, хирург, офтальмолог, педиатр, невропатолог дәрігерлер бар «Саламатты Қазақстан» пойызы өңірдің алыс аудандарына болып, тұрғындарға тегін медициналық қызмет көрсетті.
Қазақстан • 02 Қараша, 2017
Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Ғалия Жолдыбаеваның қатысуымен Дүниежүзілік банктің «Doing Business 2018» рейтингінің қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты өтті.