Туризм • 09 Қараша, 2023
Португалияның Калдаш-да-Раинья қаласында дәстүрлі ART&TUR халықаралық туристік кинофестивалі өтіп, онда Қазақстан туризмі туралы түсірілген бейнеролик екі аталым бойынша үздік деп танылды.
Аймақтар • 09 Қараша, 2023
Қарашаның 5-інде кешкі 20 сағат 20 минутта «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-на қарасты Шығыс Жезқазған кеніші №57 шахтасының диспетчері басшылыққа төбенің опырылып түсуі салдарынан өндірістік апат болғаны жөнінде хабарлайды. Апат болған жерден учаске шебері Ерлан Бимағанбеттің денесі табылады. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер жүрек-өкпе реанимациясын жасап көргенімен, еш нәтиже бермеді.
Туризм • 09 Қараша, 2023
Тянь-Шань тауларының солтүстік беткейінде, әсем орманымен хас зергердің қолынан шыққан жақұттай жарқырап жатқан Көлсай – табиғаттың ғаламат сыйы. Қанша сұқтансаң да сұлулығына көзің тоймайтын мұндай мекендер төрткүл дүниеде сирек болғандықтан, жыл өткен сайын оны тамашалауға келетін шетелдік жиһанкездер саны да көбейіп келеді, оның ішінде өз отандастарымыз да бар.
Мәселе • 09 Қараша, 2023
Павлодар облысында қос ауылдың 50-ден астам жылқысы қырылып қалды. Үйірде жүрген жануарлар қарабидай егістігінде оттыққан. Ветеринарлар малдың әбден тойынып немесе шөптен уланып өлуі мүмкін деген болжам жасап отыр.
Аймақтар • 09 Қараша, 2023
Құдай бетін әрі қылсын дейік, дегенмен кейінгі кездері дала өрті жиілеп кетті. Мемлекет басшысы Үкіметке дала өртінің алдын алу бойынша бірқатар міндеттер жүктеген еді. Осы орайда жер көлемі ауқымды Шет ауданынан тағы бір өрт сөндіру стансасы ашылды.