Өнер • 06 Қараша, 2023
Биіктік! Табылды Досымовтың «Биіктігі» гитараның шегіне түсіп, ән болып алғаш шырқалған сәттен бастап тыңдаған жанның кеудесінде аяулы бір белгідей жатталып қалды. Содан бері Табылдыны танитын жұрт үшін «биіктік» ұғымы, тек Табылдыны еске түсіреді. Зеңгір көк аспанды, тауды өмірі көрмеген, табаны тимеген Атырауды, таулары жоқ төбелерді елестетеді. Әуезді әні іштен ыңылдап шығып, әлдебір жақтан Табылдының даусы естіледі.
Қоғам • 06 Қараша, 2023
Астанада автогаз тапшы болып жатыр
Қазан айында Атырау зауытында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмысына және «ПМХЗ» ЖШС мен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ зауыттарының үлкен жүктемесіне байланысты Астанада автогаз тапшылығы мәселесі туындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 06 Қараша, 2023
Биыл қазақ әдебиеті көгінен құйрықты жұлдыздай ерте ағып түскен талантты жазушы Ақан Нұрмановтың туғанына 90 жыл толды. Соған орай елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Алыс та жақын Ақан Нұрманов» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған жазушыны көзі көрген қаламгерлер, әдебиетші-ғалымдар, оқырмандар және жерлестері қатысты.
Аймақтар • 06 Қараша, 2023
Ел ішіндегі денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысын жандандыру айрықша маңызды. Аудан орталығы Степняк қаласында бір мезгілде 200 адам ем қабылдайтын аурухана салынып жатыр. Елді мекендерде де осы салаға қатысты жағымды жаңалық аз емес.
Футбол • 06 Қараша, 2023
Футболдан Қазақстанның жастар құрамасы «Еуро-2025» іріктеу турниріне даярлығын ертең Астанада бастайды. Ал 16 қарашада жерлестеріміз сырт алаңда Мальтамен шеберлік байқасады.