Футбол • 06 Қараша, 2023

Мальтаға қарсы ойнайды

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстанның жас­тар құрамасы «Еуро-2025» ірік­теу тур­ниріне даярлығын ертең Астанада бас­тайды. Ал 16 қарашада жерлестеріміз сырт алаңда Мальтамен шеберлік байқасады.

Мальтаға қарсы ойнайды

Аталған матч қарсаңында команда­ның аға жаттықтырушысы Қайрат Нұрдәуле­тов­тің таңдауы мына ойыншыларға түсті: Қақпашылар – Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Никита Пивкин («Елім-ай»), Данил Карпиков («Шахтер»). Қорғаушылар – Әділбек Жұмаханов, Ерсұлтан Қалдыбе­ков («Атырау»), Александр Широбоков, Сұлтан Асқаров, Лев Кургин («Қайрат»), Саламат Жұмабеков («Астана»). Жартылай қорғаушылар – Нұрғайни Бөрібаев («Тұран»), Мейрамбек Қалмырза («Оқжетпес»), Давид Есімбеков («Жетісу»), Абылайхан Назымханов, Айбар Абдолла («Шахтер»), Нұрәлі Жақсылық («Астана»). Шабуылшылар – Сэйф Попов («Қайрат»), Денис Митрофанов («Ислочь», Беларусь).

Ал Дамир Қасаболат, Егор Ткаченко, Әділет Сәдібеков («Қайрат»), Әділхан Добай («Мақтаарал»), Бейбіт Ғалым («Тобыл») және Иван Свиридов («Шахтер») қосалқы құрамға енді. 

Соңғы жаңалықтар

Панфиловке баратын жол жаңарды

Инфрақұрылым • Кеше