Тарих • 01 Ақпан, 2023
Қазақ халқы өзінің еңбегі орасан ұл-қыздарын ұмытпай, олардың айтулы істерін ұрпақтары жадында мәңгі сақтап жүруі үшін, тарихқа мөр басқандай ерекше таңбалап кеткен. Аты аңызға айналған қазақ халқының нар тұлғалы батыры – Қанжығалы қарт Бөгенбай сондай сый-құрметтен көзі тірісінде де, өлісінде де кенде болмағанын көкірегі ояу жандар біледі.
Өнер • 01 Ақпан, 2023
Симфонияға барғанда... немесе маэстро Коки Гонгуй Янг не дейді?
Кеше кешқұрым симфония тыңдап қайттық. Әр аспаптың үні жан-тәніңді түгел бойлап, күнделікті алашапқын тіршіліктен қажыған көңілді теңіздің түнгі толқынындай тербетеді келіп. Скрипканың үні үзіліп-сызылып, үзіліп-сызылып, енді бір сәтте аспанға шапқандай дүр көтерілгенде осынау өнердің құдіретіне сұмдық таңғаласың. Әуезді кеш бас қаламыздың аристократтық мәдени орнына айналған «Астана Операда» болды.
Кино • 01 Ақпан, 2023
«Қаныш» фильмі көрерменге жол тартты
Ұлттық ғылымның қалыптасуы мен өркендеуі жолында өлшеусіз еңбек сіңірген көрнекті геолог-ғалым Қаныш Сәтбаевтың өмір жолын суреттеген телехикаяның толықметражды нұсқасы бүгіннен бастап ел кинотеатрларында прокатқа шығады. «Қаныш» деп аталатын телесериалға Қарсақпайдың тақыр даласында Қ.Сәтбаевтың жанкешті жігерінің арқасында әлемдегі ең қоры мол пайдалы кен орындарының бірінің пайда болу тарихын баяндаған 1926-1934 жылдардың оқиғасы негіз етіп алынған.
Театр • 01 Ақпан, 2023
Кейбір жандар өз кәсібін шексіз сүйіп, мінсіз қызмет етумен ғана шектелмей, сол саланың қыр-сырын, теориясы мен практикасын да терең игеріп, оны өзіне, өзін оған барынша жақындата түсуге жанын салады. Тіпті ақыр соңында ол екеуі бөлінбейтін біртұтас денеге айналып та кетіп жатады. Өз басым, сондай жандардың қатарына өнертану кандидаты, театртанушы Аманкелді Оразбайұлы Мұқанды қояр едім..
Әдебиет • 01 Ақпан, 2023
Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлы ұлтқа қызмет етуден кеңес өкiметi енді орнаған кезеңде де бас тартпай, олармен ымыраға келiп, бірге жұмыс істеуге келiсімін берді. Екiншіден, советтерге де өз саясатын жүргiзу үшiн Ақаң сияқты халық алдында беделi зор, бiлiмдi адам керек еді. Сондықтан өлкедегi төтенше комиссар Әлiби Жангелдин Ақаңның жаңа билікке қызмет етуге келiскенiн және онымен бiрге басқа да зиялылардың кеңестер жағына шыққандығын Ленинге хабарлады. Содан кейін ұлт ұстазы Жангелдинмен бiрге пролетариат көсемінің қабылдауында болып, мандат алды.