Спорт • 05 Ақпан, 2026
Елена Рыбакина үздік спортшы атанды
Отандық Sportarena.kz порталы 2026 жылдың қаңтар айындағы Қазақстанның ең үздік алты спортшысын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 05 Ақпан, 2026
Қағаз жүзіндегі кооператив ауылды құтқара ма?
Елімізде ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту мәселесі кейінгі жылдары мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналды. Бұл – бекер емес. Ауылдағы ұсақ шаруашылықтардың әлеуетін біріктірмейінше өндірісті ұлғайту, өнімді өңдеу, нарыққа тұрақты шығу мүмкін болмай тұр.
Экономика • 05 Ақпан, 2026
Қаратау қазынасы қисапсыз емес
Соңғы сілемдері Сырдағы Жаңақорған мен Шиеліге жетіп жығылатын Қаратауда өткен ғасырдың 70-жылдарынан қиыршық тас өндіріле бастапты. Кейіннен тау тастарынан бөлінетін кәдімгі әк те табыс көзіне айналды. Осылайша, кәсіп иелері көне тау тастарын да, қойнауындағы қазынасын да кәдеге жаратты. Әсіресе жол құрылысының ауқымы артқан кейінгі жылдары Қаратаудан өндірілетін қиыршық тасқа деген сұраныс арта түсті.
Саясат • 05 Ақпан, 2026
Отандық тауарлар Моңғолияға экспортталады
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтті. Комитеттер психологиялық қызмет туралы, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметі мәселелері бойынша ілеспе түзетулері бар, Қазақстан мен Аустрия үкіметтері арасындағы заңсыз жүрген адамдарды реадмиссиялау және транзиттеу туралы келісімді ратификациялау туралы жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады.
Білім • 05 Ақпан, 2026
«Цифрлық мектеп» білім жүйесін қалай өзгертеді?
Ертіс-Баян өңірінің мектептеріндегі білім беру жүйесі цифрлық форматқа біртіндеп көшіп, интернет онлайн-платформалар мен жасанды интеллекті бүгінде оқу үдерісінің күнделікті құралына айналып үлгерген. Ең маңыздысы – бұл өзгерістер тек қала мектептерінде емес, ауылдық шалғай елді мекендерде де жүзеге асып отыр.