Заң • Бүгін, 14:45

Асхат Аймағамбетов қоғамда кең талқыланып жатқан жекелеген баптарға қатысты пікір білдірді

20 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Асхат Аймағамбетов жаңа Конституция жобасындағы қоғамда кең талқыланып жатқан жекелеген баптарға қатысты ойын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Асхат Аймағамбетов қоғамда кең талқыланып жатқан жекелеген баптарға қатысты пікір білдірді

Депутат коалиция мүшесі ретінде бірнеше өңірді аралап қайтқанын айтып, 30 жылда Конституцияның қанша өзгертулер мен толықтыруларды бастан кешіргенін білетін көптеген заңгерлер Ата заңның жаңадан қабылдануын қолдап отырғанын жеткізді. 

Ол жекелеген азаматтар тарапынан, «халықтың білім алу, дәрігер көмегіне жүгіну сияқты әлеуметтік сұранысы, енді тек ақылы түрде болады-мыс» деген ақпарттың шындыққа жанаспайтынын айтты. 

«Қазақстан әлеуметтік мемлекет болған және бола да береді. Бұл жаңа Конституция жобасында да шегелеп жазылған. Оның айқын көрінісі – мемлекеттік бюджеттің шамамен 40%-ы әлеуметтік салаға бағытталатындығы. Сонымен қатар, Ата заңның 1-бабы «Мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп айқындайды. Жаңа Конституция жобасында, бұл қызметтер де ақы төлемей алатын қызмет деп анық жазылған, сәйкесінше денсаулық сақтау мен білім беру саласында азаматтардың мүмкіндіктері одан сайын кеңейеді деп айта аламыз. Бұл қызметтер ақысыз деп айтылғанымен, олар әрдайым мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылып келді және болашақта да солай болады», деді Асхат Аймағамбетов.

Сарапшылар жаңа Конституция жобасын қабылдау перспективаларын талқылады

Сондай-ақ ол қолданыстағы Конституцияда жазылған, «мемлекеттік» жоғары оқу орындары деген сөзді алып тастау ұсынылғаны дұрыс шешім екенін атап өтті. 

«Өйткені бүгінгі таңда мемлекеттік гранттар арқылы, студенттер тек мемлекеттік қана емес, жекеменшік жоғары оқу орындарында тегін жоғары білім ала алады. КИМЭП, Мақсұт Нәрікбаев Университеті, Тұран сияқты университеттер жеке меншік болса да, грантты ұтып алған студенттерімізде сол университеттерде де грантпен оқуға мүмкіндіктері болуы тиіс», деді депутат.

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі қоғамда жиі айтылып жүрген сөз бостандығы да жаңа Конституция жобасында айқын бекітілгенін атап өтті. Сонымен қатар Асхат Аймағамбетов даулы тақырыпқа айналған арнайы құқықтық режим енгізу (5-бап, 6-тармақ) тақырыбы әлі де түрлі сұрақ тудырып жатқанына тоқталды. 

Сарапшылар Жаңа Конституция жобасын талқылады

«Бұл тұрғыда Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігі, оның аумақтық тұтастығы – мызғымас әрі ең басты құндылық екенін біз қоғамдық ортада жалықпай айтуымыз керек. Арнайы құқықтық режимдерді Конституция деңгейінде бекіту – елдің экономикалық егемендігін күшейтуге бағытталған қадам. Мұнда мемлекеттің унитарлығы және де мемлекеттің толық бақылауы сақталады. Біз тіпті қазір, ғылыми қалашықтар туралы арнайы заң жобасын қарап жатырмыз. Сол қалаларда да арнайы ортаны қалыптастыру, ғылымды дамыту бойынша жағдай жасау туралы ұсыныстарды бердік. Жалпы, бұл жүйе, инвесторларға заманауи жұмыс орындарын құру, қолайлы көлік желісін дамыту және инженерлік инфрақұрылымды салу міндетін жүктейді. Яғни ол өз кезегінде, тиісті өңірлерде, халықтың өмір сапасының тікелей жақсаруына әкеледі. Арнайы режим – ірі жобалар үшін техникалық кепілдік. Алатау қаласы немесе Астана қаржы орталығы деңгейіндегі жобалар, ұзақ мерзімді және ауқымды инвестицияларды талап етеді», деді депутат.

Бақытгүл Қамбар: Жаңа Конституция халықаралық нормаларға толық сәйкес келеді

Сөз соңында мәжілісмен жаңа Конституцияда – заман талабына жауап беретін, прогрессивті қоғамның сұранысына сай келетін, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды нормалар қарастырылғанын айтты.

Соңғы жаңалықтар