Қоғам • 05 Наурыз, 2026
Цифрлық дәуірдің елеулі құжаты
Елдің ең ірі телекоммуникациялық операторы – «Қазақтелеком» АҚ жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған ауқымды интерактивті телекөпір ұйымдастырды. Бұл іс-шара барлық өңірден қызметкерлерге нақты уақыт режімінде сұрақ қойып, реформалардың әр отандасымыздың өміріне әсерін талқылауға мүмкіндік берді.
Экономика • 05 Наурыз, 2026
Онлайн саудада отандық тауардың бәсі биік
Ресми дерекке сүйенсек, электронды сауда саласы әлдеқашан тар сегмент аясынан шығып, экономиканың серпінді драйверіне айналды. Бүгінде бөлшек саудадағы әр алтыншы тауар онлайн сатып алынады. Кейінгі бес жылда электронды сауда нарығы жеті есе өскен. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша оның бөлшек айналымындағы үлесі 15%-ға жетеді деп күтіліп отыр. Ал 2029 жылға қарай 18,5%-ға дейін өсуге тиіс.
Ұстаз • 05 Наурыз, 2026
«Білім – бақыттың кілті, мұғалім білім дариясының мұрабы» деген нақылдың мәні ешқашан маңызын жоғалтқан емес. Қай кезеңде де ел ертеңі білімді ұрпаққа байланысты болса, сол ұрпақты тәрбиелейтін тұлға – ұстаз. Мұғалім еңбегі қашанда құрметке лайық. Биыл Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Біржан ауылындағы Амангелді орта мектебінің ардагер ұстазы, математика пәнінің мұғалімі София Ағзамқызы мерейлі жасқа толып отыр. Ғұмырын білім мен тәрбиеге арнаған педагогтің өмір жолы тұтас бір дәуірдің шежіресі іспетті.
Өндіріс • 05 Наурыз, 2026
Өңір экономикасына серпін беретін кәсіпорын
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында «EcoClub» ЖШС-ның өндірістік нысаны – ірі қара мен жылқы терісінен жоғары ақуызды, сапалы протеинді жемдік қоспа өндіретін жаңа зауыт іске қосылды.
Салық • 05 Наурыз, 2026
Кәсіпкерлер салық режімін таңдады
Елдегі салық реформасының алғашқы нәтижесі көріне бастады. Мыңдаған азамат пен кәсіпкер жаңа режімдерді таңдап, қызметін заңдастыруға қадам жасады. Бұл еңбек нарығын ашық жүргізуге мүмкіндік беретін маңызды тетік саналады.