Ата заң • Кеше
Сот тәуелсіздігі қалай күшейеді?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2019 жылдан бері сот жүйесін жаңғыртуға бағытталған кешенді реформалар жүргізіліп келеді. Мұндағы басты мақсат – сот билігінің институционалдық тәуелсіздігін қамтамасыз ету, судьялардың жүйе ішінде қандай да бір сыртқы не ішкі қысымнан тәуелсіз қызмет атқаруына жағдай жасау. Осы сипаттағы бастамалар жаңа Конституция жобасында да көрініс тапқан.
Технология • Кеше
Армия үйі базасында Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығы ашылды
Алматыда Қорғаныс министрі авиация генералы-лейтенанты Дәурен Қосанов Армия үйі базасында Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымын өткізді. Бұл алаң Қарулы күштер мен ұлттық қауіпсіздік жүйесі үшін отандық технологиялық шешімдерді әзірлеу және енгізу мақсатында құрылған, деп жазады Egemen.kz.
Экология • Кеше
Былтыр «Таза Қазақстан» акциясы аясында қандай іс-шаралар ұйымдастырылды?
2025 жылы ел азаматтарының экологиялық жауапты мінез-құлқын қалыптастыруға, халықтың экологиялық сана деңгейін арттыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін дамытуға бағытталған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жалғасты, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • Кеше
Коалиция: Президент бүкіл күшін елге қызмет етуге арнап отыр
Астанадағы Президенттік орталықта «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының қорытынды отырысы өтті. Іс-шараға саяси партиялардың өкілдері, қоғамдық ұйымдар, Парламент депутаттары, сарапшылар және қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты. Республикалық референдум қарсаңында кездесуге қатысушылар түсіндіру жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • Кеше
Алматыда тәуелсіз байқаушылар штабының брифингі өтті
Алматыда республикалық референдум қарсаңында Тәуелсіз байқаушылардың ақпараттық штабының екінші брифингі өтті. Штаб дауыс беру кезеңіндегі жұмысты үйлестіру және қоғамды жедел ақпараттандыру мақсатында құрылған, деп хабарлайды Egemen.kz.