Референдум • Кеше
Халықаралық миссия: ашықтық пен жариялылық
Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шанхай ынтымақтастығы ұйымы байқаушылар миссиясының басшысы – ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Олег Копылов пен Түркі мемлекеттері ұйымы миссиясының басшысы – ТМҰ Бас хатшысының орынбасары Омер Коджаманмен кездесті.
Өнер • Кеше
Кейде өнерді түсіндірудің қажеті болмайды. Ол төл ағысымен жүріп, өз иіріміне тартып әкетеді. Би де сондай – сөзсіз сөйлейтін, үнсіз толғандыратын, жүректің терең қатпарларына жететін тылсым тіл. Жақында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» сахнасында қазақ хореографиясының талантты өкілі, «Gulder» ансамблінің бас балетмейстері Анвара Садықованың ширек ғасырлық белесін айшықтаған «Flow/Ағын» атты шығармашылық кеші өтті.
Ата заң • Кеше
Қарағандыда «Amanat» партиясының облыстық филиалында «Жаңа Конституция: Қазақстанның болашақ институционалдық архитектурасындағы өңірлердің рөлі» тақырыбында ғылыми және сараптамалық қауымдастық өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Басқосуда елдің қоғамдық-саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған конституциялық реформаның мән-маңызы, сондай-ақ мемлекет дамуының жаңа кезеңінде өңірлердің атқарар қызметі кеңінен талқыланды.
Экономика • Кеше
Өңдеу өнеркәсібіндегі соны серпін
Жеті жыл ішінде елімізде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 11,5 трлн теңгеден 30,6 трлн теңгеге дейін өсіп, 2,5 есеге ұлғайды. Саланың ішкі жалпы өнімдегі үлесі 11,4 пайыздан 12,7 пайызға дейін артты. Өндіріс орындарының кеңеюі, жаңа кәсіпорындардың іске қосылуы мен инвестиция көлемінің ұлғаюы – экономиканың серпінді өзгерістеріне жол ашты.
Пікір • Кеше
Маңызды кезеңдегі беделді платформа
Кеше Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысумен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтті. Осымен үшінші мәрте бір алаңда екі мыңнан астам мәслихат, Парламент депутаттарының, Үкімет мүшелерінің, барлық саяси партиялар өкілдерінің басын қостық.