Пікір • 12 Наурыз, 2026
Бір баптың бағасы, бір тармақтың тағылымы
Мемлекет басшысы кейінгі жылдардағы өзгерістер ұлт санасына ықпал еткенін, тіпті зор сілкініс әкелгенін атап айтты. Сол сілкіністің келісті бір көрінісі – жаңа Конституция жобасының өмірге келуі.
Білім • 12 Наурыз, 2026
Наурыз айындағы тестілеу басталды
Елімізде наурыз айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) өткен апта басталған еді. ҰБТ 6 сәуірге дейін жалғасады. 184 мыңға жуық адам ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп. Олардың 74,4%-ы – қазақ тілінде, 25,5%-ы – орыс тілінде, 216 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге ниетті.
Жәдігер • 12 Наурыз, 2026
Елордадағы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қорында ХІV ғасыр туындысы «Хұсрау-Шырын» дастанының Париж ұлттық кітапхана қорынан алынған түпнұсқалық көшірмесі сақтаулы тұр.
Спорт • 12 Наурыз, 2026
Ербол Хамитов – Паралимпиада жүлдегері!
Италияның Милан, Кортина-д’Ампеццо қалаларында XIV қысқы Паралимпиада ойындары өтіп жатыр. Еліміздің ұлттық құрамасы парашаңғы мен парабиатлон спорт түрлерінен додаға түсіп жатыр.
Тұлға • 12 Наурыз, 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Ұлттық құрылтай мінберінен жариялаған бастамалары еліміздің саяси архитектурасын айқындау жолындағы маңызды қадам болды. Соның бірі – вице-президент лауазымын қайта жаңғыртып, оны Конституциялық деңгейде бекіту ұсынысы. Бұл институт Президенттің стратегиялық тапсырмаларын іске асырудың тиімді тетігіне айналып, халықаралық аренадағы келіссөздер мен биік мінберлерде ұлттық мүддемізді қорғаудың жаңа сапалық деңгейін қалыптастырмақ. Осы орайда вице-президент еліміздің мемлекеттік құрылымында таңсық лауазым емес екенін айта кеткен жөн. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұл жауапты қызметті көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ерік Асанбаев абыроймен атқарған еді. Осынау парасатты тұлғаның, білікті саясаткердің туғанына 90 жыл толуы аталған институттың жаңғыру үдерісімен тұспа-тұс келіп отыр.