Әйел әлемі • Бүгін, 09:55
Шаңырақтың шырағы, ұлттың ұйытқысы
Көктемнің алғашқы лебімен келетін ардақты аналар мен аяулы арулар мерекесі – қоғамды ізгілікке, жақсылық пен жасампаздыққа үндейтін, ыстық ықыласқа толы, мейірбан мейрам. Әйел-ананың қоғамдағы орны, оның отбасындағы қадір-қасиеті мен мемлекет дамуындағы үлесі қашанда еліміздің басты назарында.
Пікір • Бүгін, 09:50
Ана – өмірдің өзегі, шаңырақтың шырағы, ұлттың ұйытқысы. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербететін құдірет иесінің құзырындағы ең ұлы парыз – ұрпақ өрбіту мен өсіру. Яғни баланы өмірге әкелу бар да, оны өсіру, адам қатарына қосу бар. Жауапкершілігі зор, жүгі ауыр бұл міндет қай заманда да оңай соқпаған.
Әйел әлемі • Бүгін, 09:45
Көктемнің алғашқы күндерімен жарыса да жараса енетін әдемі мейрам – Аналар мерекесі қарсаңында есті әңгіме естігіміз келіп қазаққа Димаштай дара дарынды тәрбиелеп, теңдессіз тарту жасаған Миуа әженің үйін бетке алдық. Тілегімізді табиғат та құптағандай, елорданың әншейінде кешігіп келетін көктемі бұл күні ерекше мейірленіп, бар шуағын төгіп, тамылжып-ақ тұр. Біздің де көңіл көтеріңкі. Қолтығымызға бір қорап тәттімізді қысып, толқи басып әже шақырған мекенжайға келдік. Есіктен кіргеннен ерекше мейіріммен қарсы алған Миуа әже төрін ұсынды. Даладағы тамаша ауа райы енді үйдің ішінде жарқырап сала берді.
Сұхбат • Бүгін, 09:40
Айнагүл Байжігітова: Алдыңа мақсат қойсаң, алынбайтын қамал жоқ
Жуырда Дубайда өткен «UAE SWAT Challenge 2026» халықаралық арнайы бөліністер жарысында қазақ аруларынан құралған «Tomiris» командасы ел намысын абыроймен қорғап, жеңіске жетті. Туған жерге оралған соң жеңімпаздарды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдап, құттықтады. Біз команда капитаны, полиция подполковнигі Айнагүл Байжігітовамен арнайы жолығып, қызметтік және спорттық мансабы туралы білген едік.
Әйел әлемі • Бүгін, 09:35
Аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл, полиция подполковнигі Қайыргүл Оңалбаеваның ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жүргізіп келе жатқанына жиырма жылға жуық уақыт өткен.