Қоғам • 08 Наурыз, 2026
8-наурыз – әйел тағдыры туралы ойланатын күн
Ұлттық статистика дерегінше, бүгінде елімізде 10,4 млн әйел тұрады. Бұл жалпы халқымыздың 51,1%-ын құрайды. Сондай-ақ сан дерек қазақстандық қыз-келіншектердің 48%-ы мейірім мен мамандықты, іскерлік пен ізетті тең ұстап жүргендер санатында екенін жариялады. Асылында арулар қоғамның кетігіне кірпіш болып қаланып, ел қамы үшін ерлермен тең тер төгіп жүр. Нәзік әйелдер үшін мамандықтың шекарасы жоқ. Сөзімізді саналы ғұмырының 20 жылын құқық қорғау саласына арнаған Рәбиға Еркебайқызы айғақтай түседі. Бүгінде ол Астана қалалық полиция басқармасының отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімше бастығы лауазмын атқарып жүр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Наурыз, 2026
Ұлттық ұлан қызметкерлері қала тұрғындарын мерекемен құттықтады
Халықаралық әйелдер күніне орай, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қала тұрғындарын мерекемен құттықтады. Мерекелік акция барысында гвардия қызметкерлері қаланың көшелерінде әйелдерге гүлдер табыс етіп, жылы лебіздерін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 08 Наурыз, 2026
Конституция – әділетті қоғам қалыптастырудың негізі
Конституция – кез келген мемлекеттің саяси және құқықтық жүйесінің іргетасы. Ол елдің даму бағытын айқындап, билік тармақтарының қызметін реттейді, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. Сондықтан жаңа конституция жобасы немесе конституциялық өзгерістер туралы талқылау қоғам үшін аса маңызды мәселе болып саналады. Қазақстан үшін де Конституция – әділетті қоғам қалыптастырудың басты негіздерінің бірі.
Әлем • 08 Наурыз, 2026
Тегеранның мұнай базасы өртеніп жатыр
АҚШ пен Израильдің Тегеранда орналасқан мұнай сақтау нысандарына жасаған әуе соққыларынан кейін ел билігі жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 08 Наурыз, 2026
Қазақстан мен Кувейттің министрлері Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Кувейт мемлекетінің сыртқы істер министрі шейх Жаррах Жабер әл-Ахмад Ас-Сабахпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz.