Мерекелік шараның негізгі мақсаты – әйелдерге құрмет көрсету, олардың қоғамдағы маңызды рөлін айқындау және мерекелік көңіл-күй сыйлау болды. Гвардияшылар аналарды, әжелерді, қыз-келіншектерді құттықтап, оларға тек жақсылық тілеп, қуаныш сыйлады.
Күтпеген мерекелік құттықтау қала тұрғындарына ерекше әсер етті. Әйелдер ұландықтарға олардың көңіл бөлуі мен осындай жылы және жүрекжарды құттықтауы үшін алғыстарын білдірді.
Мерекелік шара қала тұрғындарына жақсы көңіл-күй сыйлап, алғашқы көктем мерекесінің ерекше атмосферасын одан әрі айқындады.

Шара соңында Ұлттық ұлан қызметкерлері қала тұрғындарын тағы бір рет Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, барлық әйелдерге мықты денсаулық, отбасы бақыты және табыс тіледі.