Әлем • 06 Наурыз, 2026
Әзербайжан Иранмен арадағы жүк тасымалын уақытша тоқтатты
Әзербайжан үкіметі Иранмен шекарада жүк көліктерінің, соның ішінде транзиттік тасымалдың қозғалысын уақытша тоқтатты. Бұл туралы елдің Министрлер кабинеті ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 06 Наурыз, 2026
Халықаралық келісімдер ратификатталды
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті. Жиында сенаторлар Жоғарғы сот судьяларының өкілеттігін тоқтатып, оларды қызметінен босату туралы мәселені қарады. Сондай-ақ бірқатар халықаралық құжатты ратификаттады.
Саясат • 06 Наурыз, 2026
Әйелдердің экономикалық белсенділігі маңызды
Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Сарапшылар клубының кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шара конституциялық реформа аясында елдегі гендерлік күн тәртібіне арналды.
Қоғам • 06 Наурыз, 2026
«Amanat» бастамасымен жүзеге асып жатқан «Қарызсыз қоғам», «Ауыл аманаты» жобалары – бүгінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық келбетін өзгертіп жатқан ең ауқымды әрі нәтижелі бағдарламалардың бірі. Бұл жобалар – жай ғана қаржылай қолдау емес, халықтың ойлау жүйесін өзгертуге, масылдықтан арылтуға, кәсіпкерлік рухты оятуға бағытталған платформалар. Бұл туралы Президент те оң пікір білдіріп келеді.
Қоғам • 06 Наурыз, 2026
Ұлттық өрлеудің құқықтық негізі
Жалпыұлттық референдум ел жылнамасындағы қатардағы оқиға емес, бұл Ұлы дала елін жаңа сапалық биікке көтеріп, Әділетті Қазақстанның мызғымас негізін қалыптастыратын тағдыршешті тарихи таңдау күні. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформа – жаһандық өзгерістер мен заман талабына сай жасалған парасатты қадам әрі ұлттық жасампаздықтың жаңа құқықтық тұғыры.