Әлем • Бүгін, 14:51
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы 4 жылға сотталды
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы Ким Гон Хи апелляциялық сот үкімімен 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оны акция бағасын қолдан көтеру және пара алу ісі бойынша кінәлі деп таныды, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • Бүгін, 14:46
Шымкентте пластик бұйымдарын шығаратын цехтан өрт шықты
Шымкент қаласының Еңбекші ауданында пластик бұйымдарын шығаратын цехтан өрт шықты. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында ықтимал жарылыс қаупі сейіліп, тілсіз жау толық жойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 14:32
Ел тұрғындарының жылдық шығыны 1,3 млн теңгеге жетті
Ұлттық статистика бюросы 2025 жылдың қорытындысы бойынша халықтың табысы мен шығыстарына қатысты есепті жариялады. Мәліметтерге сәйкес, елімізде жан басына шаққандағы орташа жылдық ақшалай табыс 1,45 млн теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Бүгін, 14:16
Қазақстанда телефондарды тіркеу ережесі өзгеруі мүмкін
Қазақстанда ұялы байланыс құрылғыларын верификациялау процесін мемлекеттік компанияға беру жоспарланып отыр. Тиісті нормативтік өзгерістер қазіргі уақытта Мәжіліс қарауында. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • Бүгін, 14:03
Жасанды интеллект шамамен 4 миллион адамды жұмыссыз қалдыруы мүмкін
Қазақстанда алдағы жылдары еңбек нарығы жасанды интеллектінің ықпалымен айтарлықтай өзгеріске ұшырайды. Шамамен 4 миллион тұрғын жаңа еңбек жағдайларына бейімделуге мәжбүр болады, деп жазады Egemen.kz.