Су тасқыны • 28 Сәуір, 2025
Петропавлдың түбіндегі Заречный кентіне апаратын тасжолдың үстіне су шығып кеткенін бұрын айтқанбыз. Қазір кент аралда қалып, оған қатынас тек қайықпен ғана жасалуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Сәуір, 2025
Ұлттық ұлан сарбаздары Большая Малышка ауылына көмекке келді
Есіл өзенінің су деңгейі көтеріліп Солтүстік Қазақстан облысындағы Қызылжар ауданына қарасты Большая Малышка ауылында тұрғызылған бөгет бұзылды. Апат салдарын жою мақсатында 100-ден астам Ұлттық ұлан сарбаздары жұмылдырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Сәуір, 2025
Тағы бір пойызда әйелдер вагоны іске қосылады
1 маусымнан бастап №614/613 «Орал–Маңғыстау» бағытындағы пойыз құрамында әйелдер вагоны пайда болады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 28 Сәуір, 2025
Ирандағы жарылыс қолдан жасалды ма
Иранның оңтүстігіндегі Бендер-Аббас қаласында орналасқан Шахид Раджаи портындағы жойқын жарылыстан кейін ел билігі дүйсенбі күнін ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Жарылыстың салдарынан қаза тапқандар саны 40 адамға жетіп, жараланғандар саны 1 241-ге артқаны белгілі болып отыр. Жергілікті ақпарат жүйесінде апаттың Иранмен қырғиқабақ Израильдің қолымен жасалғаны туралы хабар тарап жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 28 Сәуір, 2025
Қазақстандық гимнастар Әлем кубогінде қола жүлде еншіледі
Ташкент қаласында өткен көркем гимнастикадан Әлем кубогінің үшінші кезеңінде астаналық «Фурор» командасы жүлдегер атанды, деп жазады Egemen.kz.