Су тасқыны • 28 Сәуір, 2025

Заречный кенті аралда қалды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлдың түбіндегі Заречный кентіне апаратын тасжолдың үстіне су шығып кеткенін бұрын айтқанбыз. Қазір кент аралда қалып, оған қатынас тек қайықпен ғана жасалуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Заречный кенті аралда қалды

Кеше кешке облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов кентке қайықпен барып, жағдайды өз көзімен көріп, тұрғындармен кездесті. Қазір жағдай біршама тұрақты, үйлерге су кірген жоқ, үйілген бөгеттердің биіктігі үймен бірдей. Дамбаны құм салынған қапшықтармен бекітуде әлі де 200-дей адам жүр.

Алайда, жыл сайын тасқынмен алысып, тұрғындарды қауіпте қалдыра беруге болмайтыны көрініп тұр. Осыған байланысты әкім өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына: «Бұл проблема жүйелі түрде болайын деп тұр. Оны шешу үшін тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру керек деп шешіп отырмыз. Қазірдің өзінде екі қабатты жайлы пәтерлі 2 үй салуды қолға алдық. Сол үйлерге Заречный кентінің тұрғындарын жылдың аяғына дейін көшіретін боламыз», деп жазды.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35