Аймақтар • 21 Мамыр, 2017
Ақтауда Ралли рейд Әлем кубогының V кезеңі басталды
Табиғатымен, ойлы-қырлы жерлерімен қызықтыратын Маңғыстау жерінде «ЭКСПО-2017» көрмесіне орайластырыла әлемдік дода – «Ралли Қазақстан-2017» Ралли рейд Әлем Кубогының V кезеңі өтуде. ҚР Мәдениет және Спорт министрлігі, Маңғыстау облысының әкімдігі және еліміздің Автомотоспорт Федерациясының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан сайысқа Қазақстанмен бірге Сауд Арабиясы, БАӘ, Катар, Ресей, Украина, Польша, Литва, Германия, Чехия, Белоруссия, Нидерланды, Словения, Франция елдерінен 25 экипаж, 50 спортшы қатысуда.
Бокс • 21 Мамыр, 2017
«Астана арландары» «Patriot Boxing Team»-ті ойсырата жеңді
Кеше Қарағандыдағы Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында «Астана арландары» мен ресейлік «Patriot Boxing Team» командалары қарымта кездесу өткізді.
Ақтөбеде республикалық ақындар айтысы мәреге жетті. Бас жүлде – Төлеген Жамановта
Ақтөбе қаласында қатарынан екі күн болған «Ақтөбем менің, еңселі, жырыма қосам мен сені» атты республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті. Айтулы жыр додасын «Нұр Отан» партиясы қолдап Ақтөбе облысының әкімдігі және Ақтөбе облысының «тілдерді дамыту» басқармасы ұйымдастырды.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2017
Қостанайда «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы өтті
Акцияны «Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігі мен Саламатты өмір салтын қалыптастыру облыстық орталығы өткізді. Онда шағын концерт болды және викториналық ойындар өткізілді. Осы шаралардан кейін мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігінің басшылары Дүйсен Оспанов пен Аруна Жақсығұлова қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысатын екі қызға өз қаржыларына сатып алған мүгедек арбасын сыйға тартты.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2017
Қаланы қалжыландыру неге қысқарды?
Ақтөбе облыстық маслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында мал шаруашылығы мен егіншілік салаларын қаржыландырудың қысқарып кетуіне байланысты көптеген сындар айтылды.