Бизнес • 18 Мамыр, 2017
Кәсіпкерлікке қолдау бар, кедергі де жоқ емес
Атырау облысында 44 235 шағын және орта бизнес нысаны тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда бес пайызға аз. Ал жалпы ішкі өнім 3,5 пайызға өсті. «Негізгі өндірісіміз мұнай-газ саласында болғанымен, Елбасының экономиканы әртараптандыру бағытындағы берген тапсырмасы бойынша атқарылған істер оң нәтижесін беріп келеді» деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев аймақтық кәсіпкерлер кеңесінің кеңейтілген мәжілісінде.
Президент • 18 Мамыр, 2017
Әлемнің танымал ғалымдары Астанада Елбасы мақаласын талқылайды
АҚШ, Еуропа мен Азия елдерінің танымал ғалымдары Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) ұйымдастырып жатқан «Ұлы дала» ІІ Халықаралық гуманитарлық ғалымдар форумы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылайтын болады, деп хабарлайды академияның баспасөз қызметі.
Бизнес • 18 Мамыр, 2017
ОҚО-да араб инвесторларының көмегімен дуадақ өсірілуде
Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Бірлік ауылында жасанды жолмен дуадақ өсіру ісі жанданып келеді. Араб инвесторы Шейх Халифа Бен Зайд Аль-Нахайянның қолдауымен құрылған құс тұқымбағынан табиғатқа жылына 600-ден астам дуадақ ұшырылуда. 2016-2018 жылдары жобаның үшінші кезеңін жүзеге асыру мақсатында 13 млрд. теңге шетел инвеститциясы тартылған. Егер үшінші кезең еңсерілсе, жылына 15 мыңға жуық дуадақ ұшырылу жоспарланып отыр. Сондай-ақ жұмысшылар санын 400-ге жеткізу көзделуде.
Қазақстан • 18 Мамыр, 2017
Әл-Фейсал көрмесі Астанада алғаш рет ашылды
Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова елордадағы Ұлттық музейде Сауд Арабиясының королі Фейсал ибн Абдул-Әзиз әл-Саудтың өмірі мен қызметіне арналған «Әл-Фейсал: Әділдік және батылдық жолы» атты көрменің ашылу салтанатына қатысты. Король Фейсал атындағы Исламды зерттеу орталығының ұйымдастыруымен алғаш рет ашылып отырған көрмеде сирек кездесетін тарихи жәдігерлер мен король Фейсалдың жеке заттары: суық қару түрлері, наградалары, архивтік құжаттары мен суреттері және басқа да құнды дүниелері көрермен назарына ұсынылды.
Қазақстан • 18 Мамыр, 2017
Елордада 5 жыл ішінде 1084 пайдаланылмайтын жер телімі анықталды
2012 жылдың 11 сәуірінен Астана қаласының әкімдігі прокуратура органдарымен бірлесіп құрылыс салуға берілген жерлердің игерілу процесстерін бақылайды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.