Аймақтар • 18 Мамыр, 2017
Қызылордада Сырдария өзенінің сол жағалауында жаңа қаланың құрылысы басталды
17 мамырда Қызылордада Сырдария өзенінің сол жағалауында жаңа қаланың бірінші шағын ауданының құрылысы басталды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев алғашқы құрылыс нысандарының іргетасын қалап, сырбойылықтарды осынау тарихи сәтпен құттықтады.
Медицина • 18 Мамыр, 2017
Мұнайлы аймақтың мәдениетінде бетбұрыс бар
Биыл Атырау облысының мәдениет саласын қаржыландыруға 3,5 млрд теңге бөлінді. Бұл 1991 жылмен салыстырғанда 286%-ға көп. Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Әділ Жоламанов атқарылған жұмыстар мен болашақтағы жоспарлар туралы баян етті.
Қазақстан • 18 Мамыр, 2017
Еліміздің барлық өңірінде күн райы құбылмалы болады
Еліміздің барлық аймағында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, кей өңірлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте жел тұрып, шаң көтеріледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.
Бүгінгі таңда экономиканың кәсіптік сипаты түбегейлі өзгеріске ұшырап, нано – био – ақпараттық технологиялар негізінде мүлдем жаңа конгитивтік экономика қалыптасуда. Бұл жағдайда кәсіби білгірлігі жоғары, шығармашылық әлеуеті жан-жақты, еліміздегі жаңғыру үрдісін шетел тәжірибесімен ұштастыратын ғалымдар күн тәртібіндегі қажеттілік. Сол санатқа белсенді еңбегімен, жаңашыл концепцияға негізделген ұстанымдарымен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық ахуалын прогресс жолымен дамытуға үлес қосып жүрген ғалымдарымыздың қатарында біздің әріптесіміз Оразалы Сәбденұлын көруіміз заңдылық.
Менің есіме осыдан бес жыл бұрынғы Елбасымыздың Nazarbaev University оқу орнының студенттерімен кездесуінде 1932-1933 жылғы ашаршылықтың 80 жылдығын атап өту керектігін айтып: «Егер ашаршылық болмағанда қазір 45-50 миллион болатын едік» деп мәлімдеген сөзі түсіп отыр. Сол 2012 жылы Астана қаласында ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш орнатылып, оған қала жұртшылығы жыл сайын 31 мамыр күні барып тәу етіп, гүл шоқтарын қойып, құран бағыштау дәстүрге айнала бастады.