Қаржы • 27 Маусым, 2024
Кейінгі бірнеше күнде долларға қатысты теңге бағамы біраз шайқалып кетті. Анығында күрт әлсіреп 1 доллар 460 теңгеге дейін құнсызданды. Сарапшылардың сөзінше, бұл – 2024 жылдың ақпан айынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Ұлттық валюта өзінің ең ауыр құнсыздану деңгейіне шықты деген пікірлер жиі айтыла бастады. Жарты жыл тоқтаусыз нығайған ұлттық валютамыздың «күшею» траекториясынан аттап өтіп, белгісіз бағытқа бет алғаны байқалып қалды.
Қаржы • 27 Маусым, 2024
«Open Banking»: Банк секторындағы үміт пен күдік
Шілде айынан бастап елімізде «Open API» технологиясы негізінде «Open Banking» жүйесі енгізілмек. Әлемнің дамыған елдерінде тиімді қолданылып келе жатқан ашық банкинг, ең алдымен, ақпараттық қауіпсіздікті қалыптастырмақ. Қазіргі уақытта қолма-қол ақшаны пайдаланудан гөрі тауар мен қызметке QR арқылы төлем жасау, ел арасында, тіпті бір отбасы адамдары арасында да ақша аударымдарын белгілі бір банк қосымшасы арқылы жүргізу өзгермейтін қалыпты жағдайға айналды.
Экономика • 27 Маусым, 2024
Қаржы нарығы қандай өзгеріске мұқтаж?
Реформаларды жиі қажет ететін сала – қаржы нарығын тағы да тосын өзгерістер күтіп тұрған сияқты. Арнайы брифингте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова жаңашылдықтарды рет-ретімен түсіндірді. Соның бірі – стрестік активтерді саудалайтын цифрлық платформаның жыл соңына дейін пайдалануға берілетіндігі.
Ғылым • 27 Маусым, 2024
Радиофармацевтік дәрі-дәрмек өндірісі
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен ынтымақтастық аясында Ядролық физика институты Қырғызстанға қатерлі ісік пен жүрек ауруларын диагностикалауда қолданылатын молибден-99/технеций-99 генераторын жөнелтті. Қырғызстанға радиофармацевтикалық препараттарды жеткізу денсаулық сақтау жүйесін нығайту мен көрші ел тұрғындары үшін озық медициналық технологиялардың қолжетімділігін арттырудағы маңызды қадам саналады.
Қоғам • 27 Маусым, 2024
Орал қаласының Достық үйінде өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» деген атпен өтті.