Аймақтар • 15 Тамыз, 2023
Кейінгі жылдары Солтүстіктегі жол сапасының төмендігі туралы аз жазылған жоқ. Зырылдаған шетелдік көліктердің бәрі сапасыз жолдардан санын соққандай тепеңдеп, текіректеп қалып жатады. Бұрынғы әкіміміз Құмар Ақсақалов облыстың барлық шетінде іске қосылып жататын тауарлы-сүт фермаларының ашылуына осы жолдармен үнемі барып жүрсе де, жол сапасын арттыруға соншалықты мән бермеген еді. Жалпы, жолдарды жөнге келтіру күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі болуы керек екені белгілі.
Қоғам • 15 Тамыз, 2023
Ақмола облысы Ақкөл ауданының прокуратурасы сауықтыру, туристік және спорттық мақсаттар үшін ұзақ мерзімге пайдалануға берілген орман қорының учаскесін мемлекетке қайтарды.
Еңбек • 15 Тамыз, 2023
«Погонды журналист»: Тергеушінің бір күні
Тергеушінің қызметі инемен құдық қазғандай деп жатады. Расында, солай. Өйткені ел ішінде қандай қылмыс орын алса да, оның ақ-қарасын ашу үшін егжей-тегжей зерттеп, жәбірленуші және айыпталушы тараптармен бетпе-бет жүздесіп, айғақтар жинап, ақ пен қара айқасының алдыңғы шебінде жүретін солар. Ол үшін тергеушілер заңды бүге-шігесіне дейін білумен қатар, алдында отырған адамның ойын оқи алатын кәнігі психолог те болуы қажет. Одан бөлек, шешендік пен батылдық та бір бойынан табылуы шарт.
Ауыл • 15 Тамыз, 2023
Өткен жексенбі күні, яғни 13 тамызда еліміздің 7 облысында 17 ауылдың әкімі сайланды. Бұл жөнінде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Telegram каналында арнайы жазба қалдырды.
Әлем • 15 Тамыз, 2023
Жапонияның батысында «Лан» тайфуны соқты
Жапонияның батысындағы Кии түбегінде «Лан» тайфуны соғып, нөсер жаңбыр мен қатты желге ұласты, деп хабарлайды Egemen.kz Kyodo ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.