Талбесік • 08 Тамыз, 2015
Балығы тайдай тулаған, шағаласы шаңқылдап көк аспанда ойнаған Шардара су қоймасы – Оңтүстіктің көз қуанышы. Тянь-Шань тауларындағы еріген тау суы, сансыз бұлақтардан бастау алатын көлдің суы тұщы, сары сазанының еті балдай тәтті. Шардара балығының дәмін татқан адамдар оны Шымкенттегі сауда орындарынан іздеп жүреді.