АСТАНА. 8 тамыз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Асқар Мырзахметовті тағайындады.
Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Бұған дейін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары қызметін Бауыржан Байбек атқарған болатын.
Осы уақытта «Нұр Отан» партиясы Саяси бюросы кеңесінің отырысы өтуде.
Мырзахметов Асқар Исабекұлы 1962 жылы туған. Ауыл шаруашылығы және экономикалық мамандықтары бойынша білім алған. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.
Аспирантураны аяқтаған соң 1988-1991 жылдары Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының шығыс бөлімшесі жүйесінде кіші, кейіннен аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген.
1991-1997 жылдары шаруашылық субъектілерде мен қоғамдық ұйымдарда (Орта Азия және Қазақстан биржа қауымдастығы басқармасының, Қазақстандағы Кәсіпкерлері форумы кеңесінің төрағасы) басшылық қызметтерін атқарған.
1997 жылдан 2006 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Премьер-Министрінің кеңесшісі, Ауыл шаруашылығы вице-министрі, бірінші вице-министрі және Ауыл шаруашылығы министрі лауазымдарында қызмет атқарған.
2006 жылдың сәуірінен 2007 жылдың қыркүйегі арасында Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі.
2007 жылдың қыркүйегінен 2009 жылдың наурызы аралығында - «Оңтүстік» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы.
2009 жылдың наурызынан бүгінгі күнге дейін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды.
Талғат Райымбек.
Дерек: «ҚазАқпарат».
Сурет: otyrar.kz.
• 08 Тамыз, 2015
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары алмасты

Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06