Президент • Бүгін, 16:20

Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы жасанды интеллект саласындағы alem.ai battle ұлттық байқауы мен мемлекеттік органдар арасындағы AI Governance Cup байқауының жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады

Фото: Ақорда

Alem.ai battle жарысының жеңімпаздары төрт аталым бойынша анықталды:

  • AI Young Talents – ағзадағы глюкоза мөлшерін инвазивті емес тәсілмен анықтайтын SuGuard жүйесі;
  • AI Driving Power – мұғалімдердің жұмысын автоматтандыруға арналған Ustaz AI шешімі;
  • AI Innovators – ЖИ арқылы қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтауға арналған Robio диагностикалық қолғабы;
  • Future Builders – ЖИ-модельдерін үйретуге қолданылатын сапалы деректерді жинауға және қалыптастыруға арналған NCSPEECH стартап сервисі.

Үздік ЖИ-шешімдер байқауында мемлекеттік органдар арасынан Ішкі істер министрлігі («AI Қауіпсіздік» аталымы бойынша), Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі («AI Экономика»), Астана қаласының әкімдігі («AI Әлеуметтік саясат»), Ақмола облысының әкімдігі («AI Өңір»), Қарағанды облысының әкімдігі («AI Азаматтарға қызмет») және «KEGOC» АҚ («AI Квазимемлекеттік сектор») топ жарды.

Президент Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, бүгінде әлемнің аса жоғары жылдамдықпен дамып келе жатқанына назар аударды.

Соңғы жаңалықтар