Пікір • 03 Ақпан, 2026
Елдік жаңарудың жасампаз философиясы
Ел халқы өткен аптаның аяғында жаңа Конституцияның жобасымен танысты. Алғашқы жолдарынан-ақ оның жатық тілі алдағы маңызды конституциялық өзгерістерді жұртшылықтың бірден түсініп қабылдауына септігін тигізеді. Азаматтардың қызу талқылап, БАҚ-та жан-жақты пікірталас өрбіп жатқаны еліміздің негізгі құжатын қабылдау ісіне жұртшылықтың белсене араласуға ниетті екенін айқын көрсетіп отыр.
Пікір • 03 Ақпан, 2026
Тарихи жауапкершіліктен туындаған шешім
Қазір еліміздің саяси бағдары үшін аса маңызды сәт десек, артық бола қоймас. Осы бағыттағы ауқымды өзгерістердің аясында жаңа Конституциямыздың жобасы жарияланды. Бұл – ел дамуының жаңа кезеңіне қадам басқанымызды айшықтайтын тарихи құжат.
Қоғам • 03 Ақпан, 2026
Неке жасы неге ұлғайып барады?
Демография демігіп тұр. Себеп – орнын таппаған қыз, жарын іздеген жігіт көп. Статистикаға көз жүгіртсек, қазір бұлғақтап бойжеткендердің 30 пайызы, тепсе темір үзетін азаматтардың 40 пайызы көк етікті кезікпей, көн етіктіні менсінбей, отау құрмай, шаңырақ көтермей жүр.
Пікір • 03 Ақпан, 2026
Күні кеше жарияланған Конституция жобасы қоғам арасында қызу талқыланып жатыр. Желіде жазылып, айтылып жатқанның көпшілігі риясыз жанашырлықпен жасалған азаматтық ұстанымның көрінісі деп білемін әрі бұл оң құбылыс. Мемлекеттің іргесін кестелейтін Негізгі заңның азамат атаулыны бейжай қалдырмағаны заңдылық.
Қоғам • 03 Ақпан, 2026
Жалдамалы тұрғын үй нарығы: баға мен болжам
Былтыр елімізде тұрғын үйді жалға алу бағасы ресми инфляция деңгейімен қатар өсті. Оның басты себебі жұртшылыққа берілетін ипотекалық несиенің шектелуі болды. Базалық мөлшерлеме көтеріліп, банктер бірінен кейін бірі ипотекалық бағдарламаны тоқтата бастағаннан кейін халық пәтер сатып алуды тиімсіз көріп, амалсыз жалдамалы пәтерлерді жағалай бастады. Ал сұраныстың күрт өсуі нарықтағы арендалық сегменттің бағасын шарықтатып жіберді.