Таным • 01 Қаңтар, 2026
Ғалам қақпасын ашып Жылқы жылы кірді. Қайырлы, құтты болсын! Атам қазақ жылқыны төрт түліктің төресі санаған. Атақты Ақтайлақ бидің «қымыз – қаным, жылқы – жаным» деген аталы сөзі бар. Сол сияқты дүлдүл ақын Ілияс Жансүгіров: «Жанына халқымыздың жылқы жаққан, Жылқыға жетпеген көз жаутаң қаққан, Мінсең – ат, ішсең – қымыз, жесең – қазы, Қашаннан қазақ халқы жылқы баққан» десе, қасиетті кітап Құранның «Ғадият» сүресінде «Тұяғынан от шашып, алқына шапқан, дүбірлетіп дүркіреп жауды жарып кірген аттарға серт» деген аят бар.
Қоғам • 01 Қаңтар, 2026
Классикалық мәдениет тұлғалары
Ұлт мәдениетінің биігін әлемге танытқан дара тұлғалар уақыт өткен сайын биіктей түседі. Қазақ өнерінің қос алыбы – ән әлемінің хас шебері Ермек Серкебаев пен кино кеңістігінің классигі Абдолла Қарсақбаевтың туғанына 100 жыл толуының ЮНЕСКО аясында атап өтілуі – соның айқын дәлелі.
Шахмат • 01 Қаңтар, 2026
Аса дарынды қазақ шахматшысы Бибісара Асаубаева Қатардың бас шаһары Дохада рапид пен блицтен өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы бір белесті бағындырды.
Спорт • 01 Қаңтар, 2026
Өткен жылан жылы да тарих жылнамасына қатталды. Биылғы жылқы жылында да тартысқа толы сайыстардың дүбірі жиі естілетіні анық. Спортшыларымыз-дың сыналар сәті таяп келеді. Ақпанның алғашқы аптасында қысқы Олимпиада додасы басталады. Одан кейін жазғы Азия ойындарының да жаңғырығы жақындай түседі.
Президент • 01 Қаңтар, 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.