Ақпан айының қақ ортасында өнер өкілдері біртуар суреткер Шәкен Аймановты ұлықтауды ұмытқан емес. 15 ақпанда КСРО халық артисі, КСРО және Қазақ КСР-нің Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, көрнекті театр және кино актері, белгілі кинорежиссер Шәкен Кенжетайұлы Айманов дүниеге келген.
Ұлттық дүниетанымды экрандық өнерде алғаш бейнелеген ұлы кинематографтың туған күнінде Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ұжымы қазақ киносы майталманының ескерткішіне гүл шоғын қойды.
– Шәкен Айманов – аңыз адам. Ол қазақ киносының символы. Оның шығармашылығы тек Кеңес Одағында ғана емес, шетелдің көрермендері мен киногерлері арасында да танымал. Оның фильмдерінде көрермендері мен Отанына деген шексіз махаббаты сезіліп тұрады. «Махаб-
бат дастаны», «Атамекен», «Тақиялы періште» фильмдері соның айқын дәлелі.
Біз барда Шәкен Аймановтың есімі де мәңгі. Жақын арада Шәкен Аймановтың мұражайын ашып, қолға алмақпыз. Өмірі парасат пен өнегеге өрілген Аймановтың шығармашылығын келер ұрпаққа жеткізу біздің парызымыз, – деді Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Бақыт Қайырбеков.
Талантты режиссердің туған күніне орай ұйымдастырылған митингте кинорежиссердің әріптестері сөз сөйлеп, естен кетпес кездесулер туралы әңгімеледі.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ