Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.
***
Сонымен қатар Мемлекет басшысының Өкімімен Руслан Ысқақұлы Омаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметінен босатылды
***
Мемлекет басшысының Өкімдерімен:
Нұрлан Оразұлы Оразов Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметіне;
Зарема Каукенқызы Шаукенова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры қызметіне тағайындалды.