• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Мамыр, 2017

Сенбі күні Астанада бұқаралық веложарыс өтеді

253 рет
көрсетілді

20 мамыр халықаралық мамандандырылған EXPO-2017 көрмесіне арналған «Астана-Арена» стадионынан бұқаралық веложарыс бастау алады. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жыл сайын веложарысқа 2500 адам қатысады, оның ішінде кәсіби және әуесқой шабандоздар бар. Қатысушылар 10 шақырым 500 метр қашықтықты Қабанбай батыр көшесі арқылы, ары қарай Қорғалжың тасжолы, Тұран даңғылы арқылы жүріп өту керек және мәре «Астана-Арена» стадионы жанында болады.

Қатысушыларды тіркеу таңертең сағат 8:00-де жүргізіледі. Ал, сағат 9:00-де Қабанбай батыр көшесінде «Астана-Арена» стадионына қарама-қарсы жерде жарыс басталады. Қатысушыларға велосипедті жалға алуға мүмкіндік жасалады.

Бұқаралық веложарыс өткізу барысында жоғарыда аталған көшелер жабылады.Шараны Қазақстан вело спорты федерациясы, Астана әкімдігі, «Астана қаласы әкімдігінің спорттық-бұқаралық шараларды өткізу дирекциясы» КММ, «Самұрық-қазына ҰӘАҚ» АҚ ұйымдастыруда. Веложарыс ASU және Astana Bike қолдауымен өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар