• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Ақпан, 2019

Ерболат Досаев – Қазақстан Ұлттық банкінің жаңа төрағасы

522 рет
көрсетілді

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, конституциялық нормаларға сәйкес Президент Ұлттық банк басшысын тағайындауға келісім беру Сенаттың ерекше қарауына жатады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтің отставкасын қабылдады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мен Ұлттық банк төрағасын тағайындауға кандидатураны келісуге келдім. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ерболат Досаевтың кандидатурасын ұсынды. Ол өз қызметінде білікті қаржыгер ретінде көрсетті. Мен тағайындауға келісім беруіңізді сұраймын»  деді Президент Әкімшілігінің төрағасы Әсет Исекешев.

Сенаттың Қаржы комитетінің төрағасы Ольга Перепечина Досаев экономика және қаржы саласында үлкен тәжірибесі бар, нәтижелі топ-менеджер болып табылатынын мәлімдеді.