• RUB:
    6.63
  • USD:
    519.58
  • EUR:
    609.36
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Маусым, 2019

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірнеше Елші қызметінен босатылды

720 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен Қазақстанның Кувейт, Бангладеш, Пәкістан елдеріндегі Елшілері қызметінен босатылды.
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Алмас Шамшиденұлы Әбдіраманов Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен;

Барлыбай Кәрімұлы Садықов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Бангладеш Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.