• RUB:
    6.25
  • USD:
    516.16
  • EUR:
    584.86
Басты сайтқа өту
Президент 07 Тамыз, 2019

Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовты қабылдады

98 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының биылғы 7 айдағы көрсеткіштері туралы мәлімет берілді.

Сондай-ақ, облыс әкімі Мемлекет басшысына өңірде жаңа жұмыс орындарының ашылуы, инвестициялық және индустриялық жобалардың, «Нұрлы Ертіс» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы баяндады.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы суармалы жерлердің аумағын ұлғайту, халықтың тұрмыс сапасын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.