• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Қазан, 2019

Елбасы Жапония Императоры Нарухитоға көңіл айту жеделхатын жолдады

230 рет
көрсетілді

Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі хабарлады. 

Нұрсұлтан Назарбаев табиғат апаты мен нөсерлі жаңбыр салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Сізге, сондай-ақ, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыға ортақтастығымды білдіремін. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін» делінген жеделхатта.