ҚР Президенті Талғат Қалиевты Ауғанстан бойынша арнайы өкіл етіп тағайындады — бұл шешім сыртқы саясаттағы стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Ғабдуллаұлы Қалиев Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша Арнайы өкілі қызметіне тағайындалды» делінген хабарламада.