• RUB:
    6.64
  • USD:
    518.97
  • EUR:
    607.3
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Наурыз, 2020

Маңғыстаулық полицейлер соғыс ардагеріне құрмет көрсетті

270 рет
көрсетілді

Қазақстан республикасы Ішкі істер министрлігі тапсырмасымен ұйымдастырылған «Біз-Жеңістің мұрагеріміз» атты тағзым эстафетасынан соң маңғыстаулық полицейлер Ақтау қаласының тұрғыны, 98 жастағы соғыс ардагері Қайыр Қыдырбаевтың үйіне барды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті хабарлады.

Қайыр Қыдырбаев 1922 жылы 1 шілдеде дүниеге келген. Ол 1941-1945 жылдардағы екіншідүниежүзілік соғыс кезінде екінші Беларусь майданына қатысты. Ерлігі үшін I дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған майдангер.

Полицейлер ардагер үйінің алдында сапқа тұрып, қарияға құрмет көрсетті. Соғыс жылдарындағы әндер шырқалды.

-Польшаны, Венгрияны, Югославияны фашистерден азат еттік. 3 рет жаралы болдым, екі рет контузия алдым. Сонда да адам санын азайтпайын деп қатардан қалмай, әскермен бірге жүріп, Жеңіске қол жеткіздік. 

1945 жылдың 1-ші желтоқсанында соғыстан аман-есен келіп, ауылшаруашылығында жұмыстандым. Бүгінгі көрсетіп жатқан құрметтер үшін азаматтарға алғысым шексіз. Ол азаматтарға менің жасымды берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! – деп батасын берді соғыс ардагері өз сөзінде.